Нацбанк предупреждает об активизации мошенников

Қостанай облысы тұрғындарының назарына!

Қазақстан Ұлттық Банкі өздерін инвестициялық компания ретінде көрсетіп жүрген алаяқ топтардың белсенді әрекетке көшкенін хабарлайды. Қаскөйлер екінші деңгейдегі банктермен, Ұлттық банкпен немесе басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірленген басқаруға жеке тұлғалардың қаражатын тарту бағдарламаларын сипаттайтын мобильді қосымшаларды, сайттарды және жарнамалық роликтерді жасауға бейімделіп алған.

Мұндай жарнамалар – фейк.

Анықталған алаяқтық пиғылдағы ресурстар мен телефон қосымшалары Қазақстанның «мемлекеттік қорынан», «Ұлттық ресурстардан» немесе қаржы нарығын динамикалық болжаудан тез пайда табуды ұсынады. Сондай сайттарға өтініш қалдырған интернет-қолданушылар ақшасынан айырылатындай тәуекелге барады: алаяқтар алдымен оның жеке деректерін қолға түсіреді, сөйтіп телефон арқылы хабарласып, ақшаны өз реквизиттеріне аудартып алуға әрекет етеді. Сөйте тұра салынған қаражатты кері қайтару үшін қосымша ақша салуға қолданушыны тағы мәжбүрлеуі ықтимал.

Егер сіз немесе сіздің таныстарыңыз осындай сайттарға, мобильді қосымшаларға тап болсаңыз немесе телефон алаяқтарының құрбаны болсаңыз – алаяқтық фактісі бойынша істі қарау үшін құқық қорғау органдарына тиісті өтінішпен жүгінуді ұсынамыз.

Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін, ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жасамайтынын, сондай-ақ «мемлекеттік қорларда» немесе «Ұлттық ресурстарда»ақша табу үшін қандай да бір платформалар әзірлеуге қатыспайтынын естеріңізге саламыз.

Растау үшін Ұлттық Банктың ресми байланыс орталығына 1477 қысқа нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуларыңызға болады.

Вниманию жителей Костанайской области!

Национальный Банк Казахстана предупреждает об активизации мошеннических групп, позиционирующих себя инвестиционными компаниями. Злоумышленники создают мобильные приложения, сайты и рекламные ролики, описывающие программы привлечения средств физических лиц в управление, разработанные совместно с банками второго уровня, Национальным Банком или другими государственными органами.

Подобная реклама – фейк.

Выявленные мошеннические ресурсы и приложения предлагают быструю прибыль на «государственных запасах», «Национальных ресурсах» Казахстана или прогнозировании динамики финансового рынка. Оставляя заявку на подобном сайте, пользователи идут на риск потери денег: мошенники получают личные данные и, связавшись по телефону, убеждают перевести деньги по нужным реквизитам. При этом, пользователей могут принуждать вкладывать дополнительные деньги, чтобы вернуть вложенные ранее суммы.

Если вы или ваши знакомые столкнулись с подобными сайтами, мобильными приложениями или же стали жертвой телефонных мошенников – настоятельно рекомендуем обратиться с соответствующим заявлением в правоохранительные органы для проведения разбирательства по факту мошенничества.

Напоминаем, что Национальный Банк не обслуживает счета физических лиц, не проводит денежных расчетов и сделок, а также не участвует в разработке каких-либо платформ для заработка на «государственных запасах» или «Национальных ресурсах».

Для подтверждения можно обратиться в официальный контакт-центр Национального Банка по короткому номеру 1477 (бесплатно с мобильных телефонов).