Бұл – біздің тарих

Тарих-адамзат қауымының, халықтар мен мемлекеттердің өткен өмірін, бүгінін және болашағын зерттейтін ғылым. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих, біздің өз тарихымызды білуіміз, бұрынғы ата-бабаларымыз қандай болғанын, қазіргі еліміз және бұрынғы заман қалай болғанын
оқып, тануымыз.

Тарихымыз арқылы өте маңызды болған оқиғаларды біле аламыз. «Халықсыз-тарих жоқ,тарихсыз-халық жоқ» деген халық аузында тарап кеткен сөзде бар. «Жеті атасын білмеген жетесіз» демекші,бізде өз ата-бабаларымызды біліп,олардың біз үшін не істегенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Мысалы:

Ахмет Байтұрсынұлы: қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түріктанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.Ол кісі Орынбор қаласында 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды.Ахмет атамыз газеттінде қазақ халқын өнерге,білімге шақырған болатын. Байтұрсынұлының Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды. Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты.Ахмет атамыздың жетістіктерін айтсақ ғасырлар өтеді,халық арасында беделі мықты адам, «халық ұстазы» болды.

М.Дулатұлы – қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі. М.Дұлатұлы қазақ халқының бірінші романшысы,алғашқы романы «Бақытсыз Жамал» туындысы. Шығарма сюжеті Сәрсенбайдың балаға зар болуы, Шолпанға үйленуі, одан Жамалдың тууы, Жамалдың молдадан оқып тәрбиеленеуі, әдемі бойжетуі, Сәрсенбайдың билік үшін көмектеседі деген іш есеппен Байжанмен құда болуы, бұған Шолпанның қарсылығы, Ғали мен Жамалдың танысуы, ғашық болуы, өзара тіл табысып, қашып кетуі, Байжанның келінінің кетіп қалуына орай жасаған аярлық әрекеттері, өтірік қағаз жасатуы, Ғалидың аяқ астынан ауырып дүние салуы, Жамалдың еріксіз Байжан босағасына келуі, Жұманнан көрген қорлық-зорлық, ақыры боранда адасып өлуімен аяқталған. Алыстан Алаш десе аттанамын,

Қазақты қазақ десе мақтанамын.

Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ —

Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?!

Бұл жолдар Міржақыптың сөздері болатын.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан – 1866 жылы 25 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Ата тегі – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы – атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед туады.Ғылыми еңбектерінің бірі: 1904 жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болды.

Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дұлатұлы, Әлихан Бөкейхан «Алаш партиясының» зиялылары жәнеде басы болған.

Өз тарихымызды құрметтеп, қастерлеп, сол кісілердің арқасында арқамызды жайып жүргенімізді ұмытпауымыз керек.

Нурсила ХАНИЕВА

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *